+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Қазақстандықтар қандай жағдайда Ресей аумағына кіре алады

2020 жылғы 27 наурыз 10:56
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар қандай жағдайда Ресей аумағына кіре алады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Ресейдегі жақын туыстарына бара алады. Мұндай мүмкіндік РФ Үкіметінің 25 наурыздағы өкіміне сәйкес қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының тұрғындары жеке сектордағы жаяу жол арқылы үйіне жетпек болған Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ балалардың проблемасын қалай шешпек Түркістан облысында ерікті ұстаздар 91 мыңнан астам бетперде тігіп таратты

«Құжат ҚР СІМ мен РФ СІМ-нің тығыз әрі сындарлы өзара іс-қимылы негізінде әзірленген және Қазақстан азаматтарының коронавирус індетіне байланысты шетелдіктердің келуін жаппай шектеу жағдайында Ресей аумағынада жүруін регламенттеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қазақстандықтар Ресей Федерациясына сол елде жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалар, асырап алушылары, асырап алған балалары) болған кезде тиісті құжаттарын көрсету арқылы кіре алады», - делінген Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтары Ресей аумағына жақын туған-туыстары қайтыс болған жағдайда тиісті құжаттарын (қаза болғаны туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, туыстығын дәлелдейтін құжат) көрсету арқылы кіруіне мүмкіндігі бар.

Мұнан бөлек, Ресейде тұрып жатқан азаматтың қамқоршысы немесе жанашыры саналатын қазақстандықтар да тиісті құжатын көрсету арқылы көрші елге өте алады.

Атап өтілгендей, транзиттік әуе жолаушылары РФ-ге кіре алады. Бірақ, шекара аймағынан шыға алмайды.

Сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі коронавирусқа байланысты шұғыл желі ашты. ҚР-дың консулдық мекемелерінің телефон нөмірлері: Мәскеуде - 8-925-897-71-14; Санкт-Петерборда – 8-921-188-90-60, Қазанда – 8-905-020-30-42, Омбыда – 8-968-100-73-03, 8-968-100-73-06 және Астраханда 8-927-562-0042, 8-927-562-00-45.

«Жоғарыда аталған телефон нөмірлері коронавирус жағдайына байланысты ғана кеңес беруге арналғандығына назар аудартамыз. Консулдық мәселелер бойынша @Consularkz_bot телеграм-ботына немесе kazembassyru@gmail.com поштасына хабарласуларыңызды өтнеміз. Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер үшін қауырт желі телефоны мыналар: +7 977 287 85 46, +7 926 777 40 44, +7 906 764 74 06, +7 926 800-58-77, +7 999 113 53 95», - делінген жарияланған ақпаратта.

Еске салайық, Ресей 27 наурыздан бастап коронавирус кең тараған елдерден тұрақты және чартерлік халықаралық әуе қатынасын тоқтатты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT