Қазақстандықтар қандай көліктерді жиі сатып алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда отандық автокөліктерге деген сұраныс жоғары деңгейде сақталып отыр. Осы жылдың наурыз айында ғана еліміз автоөндірушілері 2 902 техника құрастырып шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық автоөндіріс бойынша 2019 жылдың үш айының көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда артық болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанда барлық типтегі 8 822 техника шығарылған. Олардың 8 304-і жеңіл автокөлік (+27,9%), 205 жүк көлігі (+15,8%), 151 тіркеме мен жартылай тіркеме (+60,6%), 149 автобус (+577,3%) пен 13-і арнайы техника (-31,6%).

«Алдын ала деректер бойынша, Қостанайдағы «Сарыарқа АвтоПром» компаниясы бірінші тоқсанда 3 328 жеңіл машина, жүк көлігін және автобус шығарған (+ 57,9%). Өскемендегі «Азия Авто» кәсіпорны 5 499 жеңіл автокөлік (+ 14,5%) құрастырып отыр. Семейдегі «СемАЗ» 94 жүк көлігін шығарса, көкшетаулық «КАМАЗ Инжиниринг» 78 жүк көлігін, «Daewoo Bus» маркалы 61 автобусты, Алматыдағы «Hyundai Trans Auto» компаниясы 37 жеңіл машина жасады», - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар жыл басынан бері Қазақстанда өндірілген 7,5 мың көлікті сатып алған. Ол жалпы автонарықтағы сауданың 55 пайыздық бөлігі екенін атап өту керек.

«Отандық марка бойынша өтімділігі жағынан «Hyundai» біршама өсім көрсетуде. Жыл басынан бері аталмыш маркадағы 2 322 көлік сатылған. «Lada»-ны - 3 354, «Kia»-ны - 845, қостанайлық «JAC»-ты 223 адам мінген. 2019 жылдың бірінші тоқсанында жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қазақстандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алу бойынша 300 несие берілді», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар