+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қазақстандықтар қандай интернет платформа арқылы жиі алданады

2021 жылғы 28 қыркүйек 14:15
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар қандай интернет платформа арқылы жиі алданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Интернет алаяқтық жиі орын алатын платформа анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда интернет арқылы есірткі таратушыларға қандай жаза қарастырылған Жүкті әйелді өлтіргені үшін 20 жылға сотталды - Павлодар облысы Ақмола облысында жергілікті тұрғынды атып кеткен малшы ұсталды

«Биыл елордалықтар арасында жалған хабарламаның құрбаны болдым деп шағым түсіретіндер жиілеп кетті. Әсіресе Olx.kz интернет платформасы арқылы көрсетілетін қызметтер мен хабарламаларға қатысты болып отыр. Бүгінде аталған интернет алаң арқылы алданып қалуға қатысты 330-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Тағы бір жайт, интернет қолданушылар Olx.kz-тің жеткізу қызметіне жиі шағым жасайды. Осы тұста аталған интернет ресурста жеткізу қызметінің жоқтығын еске саламыз. Егер ақшасын төлесеңіз, жеткізіп береміз деп тұрса, демек ол жалған хабарламада», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері елордада 3 мыңнан астам интернет алаяқтық қылмысы тіркелсе оның 500-ге жуығы ашылды.

«Жалпы интернет алаяқтық қылмысы ұзаққа созылатын процесс. Оның себебі адамдарға қатысты жеке мәліметтермен жұмыс істеумен байланысты. Интернет алаяқтық фактісі анықталған жағдайда біздің мамандар бірнеше құзырлы органмен байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істейді. Бұл уақыт алады. Ал кейбір интернет алаяқтық қылмыстар шетелмен байланысты болып шығады», - дейді ол.

Бұған дейін аталған ведомство өкілі интернет алаяқтар астаналықтарды қандай әдістермен алдап соғатыны туралы айтып берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT