+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қазақстандықтар қандай депозиттерді көбірек таңдайтыны белгілі болды

2019 жылғы 11 қыркүйек 10:27
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар қандай депозиттерді көбірек таңдайтыны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық салымшылардың 53 пайызы ұзақ мерзімді депозит ашқан. Бұл туралы ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ерболат Досаев Ұлттық банктің алтын-валюта резерві көлемін атады Руслан Дәленов экономика өсімін қамтамасыз етуде қандай шараларға назар аудару қажеттігін айтты Дәленов өңірлердің 10 айдағы негізгі көрсеткіштерін атады

Тамыз айында отандық банктердегі салымдар көлемі 15,24 трлн теңгені құраған болатын. Бұл былтырғыдан 1,3 пайызға аз. Оның ішінде ел резиденті болып саналмайтындардың бөлшек салым үлесі 57,2 пайызға жеткен. Бөлшек салымның 87,3 пайызы шұғыл салымдарға тиесілі. Мұндағы теңгенің үлесі 50 пайыздан астам (7,6 трлн теңге).

«Ұзақ мерзімді салымда да теңгенің үлесі басым. Қазақстандықтар 2,09 трлн теңгенің депозитін ашқан. Дегенмен, бұл былтырғыдан төмен. Жеке адамдардың қысқа мерзімді депозиттері 12,2 пайызға артса, ұзақ мерзімді салымдар 2,4 пайызға кеміген. Бұл тенденциямен күресу үшін банктер түрлі шаралар қабылдап жатыр. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жаңа ережесі бойынша, депозит сыйақыларының мөлшерлемесі ай сайын жарияланып тұруы тиіс. Мөлшерлемелер төмендеуі мүмкін деген болжамдар бар. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімді депозиттер өзіне оңтайлы мөлшерлемені жыл соңына дейін сақтап қалу басымдығына ие», - деп жазады Ranking.kz.

Еске салсақ, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың депозиттерін өтеу уақытын қысқартқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT