+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қазақстандықтар Иран мен Оңтүстік Кореядан қандай жағдайда эвакуацияланады

2020 жылғы 2 наурыз 12:34
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар Иран мен Оңтүстік Кореядан қандай жағдайда эвакуацияланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтары коронавирус инфекциясы ушыққан Иран мен Оңтүстік Корея елдерінен әзірге эвакуацияланбайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иран мен Оңтүстік Корея бойынша: Иранда қазіргі таңда 170 азаматымыз бар. Эвакуация туралы әзірге мәселе жоқ. Дегенмен, біздің елшілік ондағы азаматтарымызбен тиісті жұмысты жүргізіп жатыр», - деді Шахрат Нұрышев.

Отандастарымыз Ираннан қайтуды жөн деп шешкен жағдайда министрлік оларға тиісті көмекті бермек.

«Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 34 мың 600 азаматы бар. Ол жаққа бағытталған рейстер саны тоғыздан үшке қысқартылды. Ондағы отандастарымыз елге қайтуды жөн деп шешсе, қайтып келсін деген оймен осы рейстер қалдырылды», - деді ол.

Оның айтуынша, қиын жағдай туындаса ғана отандастарымызды эвакуациялау жұмыстары жүргізіледі.

«Сол себепті қайтуға ниетті азаматтар әзірге жүріп тұрған рейстер арқылы елге орала алады», - деді вице-министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР СІМ, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT