Қазақстандықтар IPO-ның қыр-сырын Гонконгте оқып үйренеді

None
None
ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстанның Гонконгтегі Бас консулдығының қолдауымен Гонконгтің Raffles Partners Asset Management (HK) Ltd. инвестициялық тобымен кәсіби оқыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Құжатта қазақстандық мамандарды Raffles Partners Asset Management (HK) Ltd. тобында капитал тарту және өз компанияларын ІРО-ға өтуге әзірлеу бойынша оқытып, тағылымдамадан өткізу көзделген.

Гонконгта оқуға үміткерлерді іріктеу үшін АХҚО Үздіксіз кәсіби дамыту бюросы Pre-IPO бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында бір айлық тренинг өткізеді. Оған кез келген маман қатыса алады. Тренингтің үздік түлектері 2019 жылғы 8 шілдеде Гонконгқа бір айлық тағылымдамаға жіберіледі.

Автор: Садық Әкежанов

Соңғы жаңалықтар