Қазақстандықтар Интернеттен гөрі телеарналарды көп көреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Интернеттен гөрі телеарналарды көп көреді.

Бұл жайында елордада өтіп жатқан Astana Media Week аясында «Vi Қазақстан» компаниясының бас директоры Ильмурад Джумаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телевидение қазақстандық жарнама нарығының маңызды сегменті екендігі сөзсіз. Егер жалпы көлемде алып қарайтын болсақ, телевидение - 55, ал Интернте 16 пайызды алып отыр. Тек Интернет жайында көбірек айтылып жатады. Дегенмен, таяу аралықта телевидение қамтуы үлкен медиа болып қала береді. Яғни, егер сіз тауарыңызды не қызметіңізді көп адамға жеткізгіңіз келсе, онда телеарналарға балама жоқ», - деді ол.

Осы ретте ол дәлел ретінде медиа ресурстарды тұтыну статистикасын алға тартты.

«Егер Интернетті медиа тұтыну жайында сөз қозғар болсақ, қазақстандықтар мессенджерлерді қоса алғанда орташа есеппен 255 минут жұмсайды. Әзірше, теледидарды көп көреді. Шамамен күніне 5 сағат немесе 272 минут көреді. Алайда бұл алшақтық қысқара түсуде», - деді Ильмурад Джумаев.

Айта кетейік, Astana Media Week шарасының екінші күнінде Қазақстандағы алғашқы - «ADTribune - Азияның жарнамалық дауысы» атты жарнамалық конференция өтіп жатыр. Онда саладағы мәселелер, қиындықтар мен трендтер туралы ашық айтылуда. Сонымен қатар осы күні «TRENDZONE» коммуникативтік алаңында іскерлік коммуникациялар бойынша ашық семинар ұйымдастырылған.



Соңғы жаңалықтар