Қазақстандықтар ХҚО-дан қай анықтамаларды жиі алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жоғары сұранысқа ие анықтамалардың бестігін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева Facebook парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берілетін жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрін жариялады. Бұл бестікке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген.

Балташеваның айтуынша, «анықтамалар рейтингі» арнайы жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған.

Талдау барысында биылғы 8 айда қазақстандықтар ХҚО-дан 4,5 млн мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің бар/жоқ екендігі туралы миллионға жуық анықтаманы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы 700 мыңнан астам анықтаманы сұратқаны анықталған.

«Бұл электрондық үкімет порталыжәне телеграмм-ботарқылы өз бетінше алынған анықтамаларды есепке алмағандағы, қазақстандықтардың ХҚО-ға келіп алған анықтамаларының көрсеткіші», – деп нақтылады Әсемгүл Балташева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою туралы бастама көтерген еді. Нәтижесінде 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру мемлекеттік қызмет ретінде қысқартылады, яғни енді азаматтар өзінің тіркелген орнын тек egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен тексере алады.

Сондай-ақ, мекенжай құжатымен бірге тағы 28 анықтама мемлекеттік қызмет тізілімінен алып тасталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар