Қазақстандықтар Гонконгта сыбайлас жемқорлыққа қарсы дайындықтан өтеді

None
None
БЕЙЖІҢ-ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 16-17 сәуірінде Қытайдағы Сянган арнайы әкімшілік ауданында (САӘА ) төраға орынбасары Айгүл Шаимова бастаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің делегациясы барды, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Гонконгтағы Бас консулдығының көмегі арқылы ұйымдастырылған сапардың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша САӘА-ның бірегей тәжірибесін зерделеу, құқық қорғау және халық арасында білім беру мен алдын алу практикасында қолданылатын Гонконгтағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз комиссиясының (СЖҚТ) қызметімен танысу болды.

Іссапар барысында қазақстандық делегация СЖҚТ комиссары Саймон Пе Юн-Лумен және негізгі департаменттердің жетекшілерімен сондай-ақ, комиссиядағы жедел сараптамалық оқу бөлімшелерінің өкілдерімен кездесті.

Гонконг тарапы мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстанда  қабылданған шаралар туралы хабардар болды.

Өз кезегінде, Гонконг құқық қорғау органдары мемлекеттік аппараттардағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға қалай қол жеткізгенін, көптеген жылдар бойы жемқорлыққа қарсы халықаралық рейтингтердің жоғары деңгейін сақтап қалуға мүмкіндік беретін Тәуелсіз комиссияның дамуының негізгі басымдықтарын айтып берді. (2017 жылы «Transparency International» жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Гонконг 77 ұпаймен 13-ші орынды иеленген болатын).

Қазақстан мен Гонконгтық тәжірибелерді мысалға келтіре отырып жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күресуде тараптар қолданатын заңнамалық, жедел-іздеу, алдын алу және ынталандыру шаралары туралы пікір алмасты.


Келіссөздер қорытындысына сәйкес, Гонконгтағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және халықаралық білім беру орталығы кешенінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ведомствоаралық негізде оқыту курстары мен тренингтер өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар