Қазақстандықтар Германияда оқ атудан өткен турнирде 2 «алтын» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан құрамасының мүшелері Ганноверде оқ атудан өткен халықаралық турнирде 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Стандартты оқ атуда (25 м) Владимир Исаченко, Сергей Вохмянин, Никита Чирюкин командалық жаттығуларда озып шықты.

Әйелдер арасында винтовкадан оқ ату (50 м) жарысында алтын медальды Александра Малиновская жеңіп алды.

Пневматикалық тапаншадан оқ ату жарысында (10 м) құрамында Владимира Исаченко, Дмитрий Субоч, Рашид Юнусметов сынды мергендері бар Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар