Қазақстандықтар футзалдан әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның футзалдан студенттер құрамасы «Алматы аренада» өткен әлем чемпионатының финалында қарсыластарын жеңе алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтық матчта қазақстандықтармен кездескен Ресей құрамасы басым түсіп, 2:4 есебімен ойынды аяқтады.

Алғашқы минуттан бастап тартысты ойын басталды. Өз алаңында жанкүйерлердің қолдауына ие болған қазақстандықтар шеберлігі басым қарсыластарына бар күш-жігерін салып шабуылдады. Алайда ресейліктер сәті түскенде допты иемденіп кетіп біздің қорғанысқа сес көрсетіп бақты. Осындай тартысты тұстың бірінше қарсыластар гол салып кетті. 5-минутта Сергей Орлов, 6- минутта- Антон Соколов доg салып, ресейліктер есепті 0:2-ге жеткізді.

Қазақстандықтар соған қарамастан шабуылды үдетті. 7-минутта алыстан доп бағыттаған Ақеділ Мадияров гол кіргізді.  Алайда қарсы жақ қарап қалмады, Янар Асадов қарымта доп салды.
Бұдан кейін ойын бірқалыпқа көшті. Абыр-сабыр кезде Сергей Орлов біздің қақпаға тағы бір доп кіргізді.
Қазақстандықтар шабуылға көшті, алайда бұл нәтиже бермеді. Тайм аяқталар тұста ресейліктер қорғаныстың кемшілігін сәтті пайдаланып гол салмақ болды. Алайда допты қағып алған Дәурен Тұрсағұлов келесі қақпаға бағыттағанымен тура кіргізе алмады. Алаң иелерінің қарқыны қатты шабуылына қарамастан бірінші таймның есебі қонақтардың басымдығымен 1:4 болып аяқталды.
Екінші таймда қазақстандықтар шабуылды үдетті, тіпті қақпашы Алиның өзі шабуылға көмектесіп, бесінші ойыншыға айнала отырып қақпасынан қашық кетіп қалды.

Бұл қазақстандықтарға басымдық берді. Дегенмен шабуылды сәтті аяқтауға дәлдік жетіспеді немесе ресейлік голкипер сенімді ойнады. Ресейліктер арасында қарсы шабуылдан шығып, бос тұрған қақпаны көздеуге тырысты. Екінші таймда қазақстандықтардың бесеуі де шабуылмен өткізді.
Ойын аяқталуға 2,5 минут қалғанда қазақстандықтардың кезекті  комбинациясы жемісін берді. Біздің қақпашы Асылжан Алин бір голдың авторы атанды. Тағы да бір гол салуға мүмкіндік болған еді, алайда орайы келмеді.

Ресей 2018 жылғы Студенттік әлем чемпионатының алтынын иемденді, Қазақстанда еншісінде күміс жүлде.

Соңғы жаңалықтар