Қазақстандықтар енді Андорраға визасыз бара алады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық туристер енді Андорра Княздігіне 90 күнге визасыз бара алады. Бұл туралы Үкімет қаулысы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Андорра Княздігіне 90 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. Андорра Княздігінің аумағында болған кезінде өзінің құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы сол елдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық бөлімшелеріне барып, өкілдіктер ұсынған уақытша құжат арқылы Андорра аумағынан тыс жерлерге шыға алады», - делінген қаулыда .

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан мен Никарагуа арасындағы визалық талаптар алынып тасталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар