+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Қазақстандықтар еңбекке жарамсыздық парағын Egov.kz арқылы ала алады

2018 жылғы 29 қаңтар 11:58
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар еңбекке жарамсыздық парағын Egov.kz арқылы ала алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы бірнеше айдан кейін қазақстандықтар еңбекке жарамсыздық парағын Egov.kz арқылы ала алатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші тоқсанның соңына қарай электронды үкімет порталы арқылы уақытша жұмысқа қабілетсіздік парағын, сонымен қатар туберкулезге қарсы, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы анықтаманы алу жолға қойылады», - деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар министр ағымдағы жылдың ақпан айында көрсетілген медициналық қызметтер туралы халыққа СМС-хабарландыру қызметі енгізілетіндігін атап өтті.

Айта кетерлігі, Үкімет сағатында Елжан Біртанов 2018 жылдың маусым айында Қазақстанда электронды денсаулық паспорты ілкі жоба ретінде енгізілетіндігін айтты.

Сонымен қатар ол денсаулық сақтау саласына енгізілетін жасанды интеллект қалай жұмыс істейтіндігін түсіндірді.

Мұнан бөлек, министр Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс әзірленіп жатқандығын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT