Қазақстандықтар елорда күні мерекесінде қалай демалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар елорда күні мерекесінде қалай демалады? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкімет қаулысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын», - делінген Үкімет қаулысында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл мереке күндері кезінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалып жатқаны жазылған.

Осылайша, қазақстандықтар елорда күні мерекесінде екі күн - 6, 7 шілдеде демалады.

Бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер үшін 6, 7 шілде және одан әрі сенбі, жексенбі күндері демалыс болады.

Қаулыны талқылау 15 наурызға дейін ашық талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар