Қазақстандықтар еліміздің 11 үздік әлеуметтік кәсіпкерін таңдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның он бір үздік әлеуметтік кәсіпкері «Ozgeris Ustasy» жүлдесімен марапатталып, 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Жеңімпаздар «Ozgeris Ustasy» әлеуметтік кәсіпкерлігін ілгерілету мен дәріптеуге қосқан үлестері атап өтілген салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған рәсім, байқаудың өзі сияқты, онлайн форматта өтті, оған кез-келген адам қатыса алды. Биылғы жылы конкурсқа бүкіл Қазақстаннан барлығы 44 өтінім келіп түсті. Бірінші кезеңде сараптау комиссиясы 25 финалисті іріктеп алды.

Ал жеңімпаздар ашық қоғамдық дауыс беру арқылы анықталды.

Әлеуметтік кәсіпкерлік Қазақстанда салыстырмалы түрде жаңа бағыт, бірақ бүгінгі күннің өзінде біздің нарықта мықты, орнықты жобалар пайда болуда. Бұған дауыс беруге қатысқан әрбір қазақстандық өзі көз жеткізе алды.

«Финалистерді анықтау оңайға тиген жоқ, себебі әрбір өтініш беруші шын мәнінде ізгі игі іс жасауда, бұл ретте белгілі бір өзекті әлеуметтік проблеманы шешуге үлес қоса отырып, сонымен қатар табыс табуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін қызықты бизнес үлгілер көп болды. Жеңімпаздарды таңдау ісін біз қоғамға сеніп тапсырдық. Бұл көптеген адамдарға финалистердің ерекше жобаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Біз жүлдені екінші рет өткізіп отырмыз. Біздің қатысушыларымыздың кәсіпқойлығы мен Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылықтың артып келе жатқанын зор қуанышпен байқадық» - деп Impact Hub Alamaty басшысы Индира Шах өз әсерімен бөлісті.

Биыл жүлде екінші рет беріледі. Ұйымдастырушылар қатысушылардың кәсіпқойлығының артқанын, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылықтың артып келе жатқанын үлкен қуанышпен атап өтеді.

«Жүлденің мақсаты - Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару, осы саланың көрнекті мамандарының еңбегін қоғамның мойындауына ықпал ету. Әлеуметтік кәсіпкерлер дегеніміз қоғам үшін маңызды мәселелерді шешетін, сонымен қатар өзара тиімді бизнес моделін құра алатын адамдар. Әлеуметтік проблемаларға ұқыпты, құрметпен қарайтын адамдар мен олардың креативті шешімдерін көрсеткіміз келеді. Ел өзінің қаһармандарын білуі керек, мүмкін олардың істері өзгелерге үлгі болар», -деді марапаттау рәсімінде ImpactHubAlamaty бағдарламалық менеджері Фарида Наврузбекова.

Биылғы жылы «үздіктің үздігі» болып келесі ұйымдар атанды:

Экология саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып «нөл қалдық» концепциялы HelloEco Экодүкені, «Greenup kz» Қоғамдық қоры;

Мәдениет және өнер саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып ULY DALA компаниясы мен «Трансформа» мәдени кеңістігі атанды;

Осал топтарға қолдау көрсету саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып «Луч Света» аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға көмек беру қоры» Қоғамдық қоры, Розалия и Эмир жекеменшік қоры аутизм және сөйлеу коррекциясы Коррекциялық Орталық, Гүлмира Уәлихан Құрақ дәстүрлі қолөнер Студиясы, «Дошкольная организация Страна чудес» ЖШС, «Рудненское городское добровольное общество инвалидов» Қоғамдық бірлестігі атанды;

Аумақтарды дамыту саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып «Qareket Жақсылық жаса» Қоғамдық қоры атанды;

Әлеуметтік кәсіпкерлер арасында COVID-19 пандемиясының сын-қатерлерін шешуге арналған инновацияның ең жақсы үлгісі болып «Іскерлікке демеу» Қоғамдық қоры атанды.

«OzgerisUstasy» жүлдесі 2019 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Шеврон» корпорациясының серіктестігінде өткізілді.

«Біздің компания жүлдені ұйымдастыруға қуана қатысты, өйткені әлеуметтік белсенді азаматтық қоғам өңірде қолайлы бизнес ортаны құруға көмектеседі. Біз Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлерін қуана қолдаймыз және олардың кәсіпорындарының табысты дамуынан үміттенеміз», - деді Жүлдені ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстанда «Шеврон» корпорациясының әлеуметтік инвестициялар бойынша супервайзері Лейла Айтмуханова.

«Біз бес жылдай әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытумен айналысып келе жатырмыз және COVID-19 пандемиясы кезінде қоғам мен бизнестің оған қалай шыдап, кейде шын мәнінде инновациялық амалдардың қолданылғанын өз көзімізбен көрдік. Бұл бүкіл бизнес үшін, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін де қиын кезең. Біреулер бейімделе алды, біреулер бизнес моделін тіптен бұрып жаңа бығыттар ашты. Бұл бізді «Әлеуметтік кәсіпкерлер арасында Сovid-19 пандемиясының сын - қатерлерін шешуге бағытталған инновацияның үздік үлгісі» атты номинацияны ұйымдастыруға шабыттандырды» - деді Қазақстандағы Еуразия Орталық Азия қорының бағдарламалар директоры Айгүл Тағатова.

«Біз салыстырмалы түрде жас жобамыз. Жүлде туралы бізге таныстарымыз айтып берді, әрине, біз өтінім беруге асықтық. Өйткені, бұл адамдарға біз насихаттайтын идеяның маңыздылығы туралы жеткізу мүмкіндігі. (Жеңімпаз жобаның қысқаша сипаттамасы). Жеңіске өте қуаныштымыз және барлық ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз», - деп Мәдениет және өнер саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі номинациясының жеңімпазы, «Трансформа» мәдени кеңістігінің директоры Анна Суворова өз ойын білдірді.


Соңғы жаңалықтар