Қазақстандықтар электронды үлгідегі сотқа шақырту алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сотының ресми сайтында (www.sud.gov.kz) 8 қараша күні сотқа шақыруды қарау және қағазға басып шығудың жаңа сервисі іске қосылды.

Бүгінде тараптарды сотқа хабарландыру және сотқа шақыру үшін сот ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы азамат немесе заңды тұлғаны хабарландырып, сотқа шақыртады. Аталған қызмет түрі республика соттарымен азаматтар мен заңды тұлғалардың ыңғайлылығы үшін табысты қолданылуда. Бүгінге дейін 2,5 млн-нан астам смс жіберілді.

«Алайда оның аясында қажеттілік кезінде, мысалы жұмыс берушіге ұсыну үшін сотқа шақырылып отырғаны туралы, қысқа мәтіндік хабарламаны басып шығару мүмкіндігі қарастырылмаған. Осы кемістікті жою үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ресми сайтында 2014 жылдың 8 қарашасында «Сотқа шақыру» атты қысқа мәтіндік хабарламаны қарау және басып шығарудың жаңа қызмет түрі іске қосылды», - деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.

Электрондық сотқа шақыруды қарап, қағазға басып шығару үшін SMS-хабарлама келіп түскен ұялы телефонның нөмірі мен хабарлама мәтініндегі кодты енгізу қажет. Нәтижесінде қолданушының компьютеріне кейін сақтауға және қағазға басып шығаруға болатын PDF форматындағы электронды үлгідегі сотқа шақырту жүктеледі.

Алынған электрондық сотқа шақыру ресми құжат болып табылады және қағаз түрінде келетін осындай құжатпен тең саналады.

Соңғы жаңалықтар