Қазақстандықтар электр жарығы үшін азырақ төлейтін болады - ҚР ҰЭМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі электр энергиясының тарифтерін төмендетуде.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланғандай, ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аймақтық департаменттері «KEGOC» АҚ, РЭК-тер, энергия таратушы ұйымдардың электр энергиясының қазіргі тарифтері мен энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардың бағаларын қайта қарастырып отыр.

Бағаны төмендету жұмысы 2 кезеңмен жүргізілмек.

1-ші кезеңде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС бағасының 1 кВт үшін 8,80 теңгеден 8,65 теңгеге дейін (қосымша құн салығынсыз) төмендетуі арқылы электр энергиясымен қамтамасыз етуші ұйымдардың соңғы бағасы төмендетіледі.

2-ші кезеңде «KEGOC» АҚ, РЭК-тер, энергия таратушы ұйымдардың тарифтері төмендетіледі.

Наурыз айында пайдаланылған электр энергиясы үшін түбіртектерде есеп төмендетілген тарифтермен жүргізілетіні күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар