Қазақстандықтар джиу-джитсудан Германия чемпионы белдіктерін иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Германияның Лимбург қаласында NAGA (North-American Grappling Association) тұжырымы бойынша джиу-джитсу мен грепплингтен дәстүрлі Германия Ашық чемпионатында Еуропаның мықты спортшылары  күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық үш спортшы үшін бұл чемпионат сәтті болды.

Дархан Кәкенов ересектер арасында джиу-джитсудан Германия чемпионы белдігін (қызылкүрең) жеңіп алып, Masters (30-39 жас) бөлімінде грепплингтен Германия чемпионы атанды.

Айдар Махметов өзінің спорттық мансабында екі жыл қатарынан және үшінші рет (2001, 2017-2018) джиу-джитсудан Германия чемпионы белдігін иеленді. Ол Masters Experts бөлімінде өнер көрсетіп, Германия мен Испанияның намысын қорғаған қарсыластарына мүмкіндік бермеді.

nullMasters Intermediate  бөлімінде грепплингтен өнер көрсеткен Германия вице-чемпионы Ойрат Махметов тәжірибелі қарсыластарынан басым түсіп, өз шеберлігін көрсетті. 

null

null

Соңғы жаңалықтар