Қазақстандықтар Дубайдағы робот техникасы бойынша жарыста жүлдегер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылылық  «STEAM RoboClub» командасына робот техникасынан «RoboCup Азиялық- Тынық мұхит аймағы»  («RoboCup Asia-Pacific») бойынша  өткен халықаралық бәсекеге қатысудың сәті түсті. Олар  «RoboCup Junior OnStage» дәрежесінде үшінші орын иеленді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы жарыс  5-7 желтоқсан аралығында бір уақытта Дубайда (БАӘ) және Киш (Иран) аралында ұйымдастырылды.

⠀Біздің команда Дубай қаласында бақ сынады. Олардың қарсыластары Иран, Қытай, БАӘ,Ресей, Сингапур және Оңтүстік Корея  болды.

Атап өткен жөн, бұл еліміздің аталған жарысқа тұңғыш рет қатысуы. 

Соңғы жаңалықтар