Қазақстандықтар Димашты туған күнімен құттықтап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар желіде белгілі әнші Димаш Құдайбергеновті 24 жасқа толуымен құттықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар Инстаграмдағы жаңа клиптің астына құттықтау қалдырып жатыр.

«Туған күніңмен, Димаш! Ең алдымен денің сау болсын. Үнемі езуіңнен күлкі кетпей, осындай қарапайым, мейірбан, өмірге құштар қалпыңнан тайма. Шығармашылығыңа зор табыс тілейміз», - деді фанаттар.

Айта кету керек, әнші туған күніне орай Screaming әніне бейнеклип түсірді.

Қазақстандық әнші өзінің жаңа бейнебаянын 23 мамырда YouTube видеохостингінде жариялаған болатын. Бір тәулік ішінде оны 12 мың қолданушы тамашалаған.

«Димаштың ерекше вокалы сапалы видеоқатармен өрілген. Ғажап визуалды эффектілер мен ерекше дауыстың қосылуынан осындай шедевр туындаған», - деді фанаттардың бірі Nephi Acaling.

Былтыр Димаш туған күніне қытайлық фанаттарынан торт пен құрмет қағазын алған болатын. Сондай-ақ Guardians деп аталатын жанкүйерлер тобы әншінің туған күні қарсаңында Астанадағы үлкен LED экрандарда Димаш туралы видеоларды орналастырды. к

Ал астаналықтар оған музыкалық флешмоб ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар