Қазақстандықтар Димаш пен Данэлия үшін Twitter-де дауыс бере алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкадағы The World's Best таланттар байқауы қазылар алқасының қазақстандық мүшесі Гаухар Нұртас өзінің Instagram аккаунтында Қазақстан тұрғындарының Димаш Құдайбергеннің ән айтқанын қашан және қай жерден көруге болатыны, сондай-ақ байқауда ол үшін қалай дауыс бере алатыны жайында жазды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Сәрсенбі, 6 ақпан, Лос-Анджелес уақытымен сағат 20:00-де The World's Best таланттар байқауының екінші эпизоды басталады. АҚШ-тан тыс елдегі жанкүйерлер, Instagram және You tube-та менің live көрсетіліміме қосылыңыздар», - деп жазды Гаухар Нұртас.

Бұдан басқа, ол эпизодтың сүйіктісі үшін @theworldsbestcbs-тың Twitter-дегі ресми парақшасында онлайн арқылы дауыс беруге болатынын хабарлады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның атынан бұл байқауға екі орындаушы - Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысып отыр. 1 миллион доллар көлеміндегі сыйақы және «Әлемнің үздігі» атағы үшін әлемнің үздік қатысушылары додаға түседі.

Бұдан бөлек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәліметінше, қазіргі кезде Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та жеке концертін өткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.

«Қазіргі жобамыз - Димаштың Америкада жеке концертін ұйымдастырып беру. Бірақ біз оның бұрыннан да үлкен шоу болғанын, оның Нью-Йорктың үлкен залында, мүмкін, «Мэдисон-сквер-гарденда» өткенін қалаймыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Автор: Камила Әмірова

Соңғы жаңалықтар