Қазақстандықтар былтыр көлік қызметі сапасының төмендігіне көп шағымданған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұтынушы құқығы күн сайын бұзылады. Бұл фактіні Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне 2021 жылдың бірінші тоқсанында келіп түскен 6 мыңға жуық шағым растайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұтынушылардан шағымдардың негізгі ағыны шағын және микробизнестің жосықсыз кәсіпкерлерінің үлесіне тиесілі. Осының негізінде комитеттің облыстық департаменттері айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылған және ескерту алған бизнесмендерге қатысты 23 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Бірінші тоқсанда ведомство шағымдардың 958-і қанағаттандырылды, 313-і тиісті органдарға жолданды. 2 мыңға жуық адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме алды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазақстандық тұтынушыларға 23 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Ведомствоның мәліметінше, тұтынушы құқығын қорғау жүйесінде бірқатар маңызды реформа жасалып жатыр. Себебі, қолданыстағы құқықтық норма ескірген, ал тұтынушы құқығын бұзу саны бірнеше есе өскен. Оған 2020 жылдың қорытындысы дәлел болды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне былтыр 20 919 өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп.

«Азаматтардың өтініштерін талдау шағымдар санының өсуі пандемиямен және тұтынушылармен байланысты екенін анықтады.

Қазақстандықтар көбінесе көлік қызметі сапасының төмендігіне шағымданды. Әрі қарай, бұл қолайсыз рейтинг бөлшек сауда, тұрмыстық және туристік қызметтерді қамтиды. Электрондық сауда, байланыс, ТҮКШ, қаржы, қоғамдық тамақтану, медицина және басқа да салаларда қызмет көрсету халықтың наразылығын тудырмады», делінген хабарламада.

Осы шағымдардың 7 380-і қанағаттандырылып, комитет құзыреті бойынша салалық мемлекеттік органдарға 3 863-сын жіберген, 9 577 түсініктеме берілген. Осы бойынша тұтынушыларға 249 млн теңгеден астам, соның ішінде кейбірі сот арқылы қайтарылды.

Былтыр ведомство соңғы 6 жылда алғаш рет соттарда тұтынушылар тобының құқықтарын қорғау тәжірибесін қайта бастады.

«Жыл ішінде барлығы «Бэк Эйр» компаниясына қатысты сотқа 4 ұжымдық талап арыз берілді. Комитет 1 740 адамның мүддесін қорғады. Бұл ретте бірінші және екінші сатыдағы соттар 2 талап арызды қанағаттандырып, заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің «Самер» ЖШС-на ұжымдық талабы көлемде қанағаттандырылды. Іс 12 тұтынушыға жиһазды сапасыз дайындағаны үшін 1,7 млн теңге қаражатты өтеуге қатысты болды», делінген хабарламада.

Мемлекет ҮЕҰ-ның көмегімен тұтынушылық құқықтарды қорғау жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар өзгерістер жүргізуде.

2020 жылғы 25 маусымда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» бірінші заң қабылданды. Осының арқасында тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылу механизімі енгізілді. Сонымен қатар, кәсіпкер енді клиентпен жанжалды «осында және қазір шеш» қағидасымен тез шеше алады. Бұл талаптардың уақыты мен ресурстарын қысқартады, бизнеске қысым мен соттардың жүктемесін азайтады.

Пилоттық режимде бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылды.


Соңғы жаңалықтар