Қазақстандықтар Болашақ бағдарламасымен 27 мемлекетте тегін оқи алады
2022 жылғы 4 мамыр 22:10

Қазақстандықтар Болашақ бағдарламасымен 27 мемлекетте тегін оқи алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 27 мемлекетінде оқи алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім беру географиясы 4 жаңа елмен кеңейген. Оларға Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді.

Сонымен қазақстандықтар төменде аталған елдерде «Болашақ» бағдарламасымен тегін оқи алады: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Дания, Израиль, Ирландия, Испания, Италия, Канада, ҚХР, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Ресей, С ингапур, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Жапония.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT