Қазақстандықтар биыл YouTube арнасынан не іздеді

None
None
 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Google ғаламдық іздеу ресурсының талдаушылары қазақстандықтардың YouTube каналынан көбіне нені іздегені туралы қорытынды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл рейтингтің негізіне қарау, бөлісу, комментарий, лайк саны алынған.

«Ең танымал 10 видео әлемде 633 млн рет қаралған. YouTube арнасындағы - America's Got Talent, Britain's Got Talent, The Voice ‒ шоулары көбірек таралған. Бұл шоулардағы видеолар әлемде 2,8 миллиард рет қаралған. Қазақстанда да дебютант шоулардың ондығына The Mask Singer (бетперде киген әнші) кірді. Бұл шоу 2016 жылы Кореяда шықты. Кейін Тайланд, Қытай, Вьетнам елдерінің аудиториясына лайықталып жасалды. Бұл шоу да әлемде 3 млрд рет қаралған»,- деді Google.

Музыкалық бейнебаяндарға келсек, 5 жылдан бері мызғымаған Psy - «Gangnam Style» бейнебаянының рекорды бұзылды.

Биыл Luis Fonsi «Despacito» бейнебаяны 4,4 млрд рет қаралды.

Қазақстандық сегмент бойынша 2017 жылы Ерке Есмаханның «Қайда?» әні, Ернар Айдардың «Күнім, сен сөнбеші» бейнебаяны, Luis Fonsi «Despacito ft. Daddy Yankee» бейнебаяны үздік үштікке кірді.

Ал төртінші орынға ресейлік Грибы тобының «Тает лед» видеосы тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар