Қазақстандықтар бильярдтан әлем чемпионатында үшінші орын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан спортшылары Алматыда өтіп жатқан бильярд чемпионатында қозғалмалы пирамида бойынша үшінші орынға табан тіреп, қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құрама әлем біріншілігінде жеңіс тұғырына көтерілу міндетін орындады.

Ақтық сынға үш дүркін әлем чемпионы Әлихан Каранеев пен Максим Пан сәл ғана жетпей қалды.

Әлихан Каранеев Павел Родионовты жеңген соң Украина спортшысы Дмитрий Белозеровпен бақ сынасты.

Украина спортшысының асығы алшысынан түсіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық Максим Пан жартылай финалда 2017 жылғы әлем чемпионы, ресейлік Иосиф Абрамовпен кездесті. Максим Ресей спортшысынан кем ойын көрсетпеді. Оның жеңуге бар мүмкіндігі болды. Сегізінші партияда ол 4:4 етіп есепті теңестіріп үлгерді.

Алайда Абрамов екі партияны қатар жеңіп, финалға жолдаманы алып кетті.

Айта кету керек, Пан оның алдында 2016 жылғы әлем чемпионы Леонид Швыряевты турнирден шығарып жіберген болатын.



Енді ақтық сында ресейлік Иосиф Абрамов пен украиналық Дмитрий Белозеров бақ сынасатын болады.

Әйелдер арасындағы ақтық сында ресейлік Диана Миронова мен Беларусь спортшысы Екатерина Перепечаева кездеседі.

Финалдық ойындар 8 сәуірде Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар