Қазақстандықтар Бейжіңде мерекелік шеруге қатысты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 9 мамырда қазақстандықтар Бейжіңдегі «Чаоян» орталық саябағында «Жауынгерлік полк» сапымен жүріп өтті, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

«Жауынгерлік полк» тізбегінің құрамында 400-ден астам адам болды. Олар соғыс және тыл ардагерлерінің суреттерін алып жүрді. Кейін іс-шараға қатысушылар аспанға раушан гүлінің жапырағынан отшашу жіберді.

Бейжіңдегі «Жауынгерлік полк» шеруіне Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да елдердің азаматтары қатысты.



15 жастағы Рамазан Сәрсеннің бабалары Мәкенов Сералы мен Жақсымбек Унчибаев майданға аттанып, Отан үшін жауға қарсы соғысқан.

Оның нағашы атасының әкесі Тұрсын Балапанов (1914-1978) - «Еңбек ардагері» болған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аламесек кентінде бригадир, шеберхана меңгерушісі және механик болып жұмыс істеген. Кейін Сырдария ауданы Ақжарма кентінде күріш өсірумен айналысқан.

«Бабам бейбіт уақытта батырлық жасады. Трактор Сырдариядағы мұздың астына кеткенде, оған арқан байлап шығарған. Сырдариядағы мұздың астында 20 минут бойы болған», - деді ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Р. Сәрсен.

Т. Балапановтың өмірі мен батырлығы Асқар Тоқмағамбетовтің «Мұзбалақ» поэмасында сипатталған.

Соңғы жаңалықтар