Қазақстандықтар бес айда 7 электромобиль ғана сатып алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы 5 айдың көрсеткіштерін жариялады. Электромобильге деген сұраныс еселеп кемісе, қолдан-қолға сату артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, 5 айда жарты миллионнан астам (576 829) көлік тіркеуден өткен. Бұл өткен жылдың бес айымен салыстырғанда 15 пайызға көп. Оның 36 524-і әкімшілік полицияның тіркеуіне тұңғыш рет алынып отыр. Яғни, қалған 540 305 техника қолдан қолға сату нәтижесінде қайтара тіркелген. Ал электромобиль саудасы 35-тен 7-ге түскен. 7 көлікті де Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындары сатып алған. Барлығы да - Tesla моделінің өнімдері.

Сатылған көліктердің 70,5 пайызының «жасы» 10-нан асқан. Оның ішінде 39,4 пайызының зауыттан шыққанына 20 жылдан асып кеткен.

«Автомобиль нарығындағы сауда-саттық динамикасы қолданыстағы көліктердің барған сайын ескіріп жатқанын көрсетеді. 20 жылдан ескі көліктердің саудасы қызса, 1-3 жыл аралығындағы техниканың саудасы 4,5 пайызға кеміген», - делінген одақтың баспасөз ақпаратында.

Қолдан-қолға сатылған автомобильдердің көшін Алматы облысы мен Алматы қаласы, Түркістан облысы бастап тұр. Сондай-ақ, Алматы «бір жасқа дейінгі» көліктер ең көп тіркелген қала атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар