Қазақстандықтар батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында 6-орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Батуттағы гимнастикадан Қазақстан құрамасы Болгарияда өткен әлем чемпионатында 6-орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, синхронды секіруден спортшыларымыз финалда өнер көрсетті. Нәтижесінде Даниил Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиев алтыншы орынға табан тіреді.

Бағдарламаның аталмыш түрінде барлығы 26 команда бақ сынады.

Еске салайық, әлемдік біріншілікте ел атынан 5 спортшы өнер көрсететінін бұған дейін жазған болатынбыз. Синхронды және жеке секіруде Пірмаммад Әлиев, Даниил Мұсабаев, Роман Барков және Ерлан Тасмағамбетов, қос мини трампта Игорь Грачев медальдар үшін таласты.


Соңғы жаңалықтар