+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстандықтар балконға Мемлекеттік туды іліп, тың челленджге үн қосып жатыр

2020 жылғы 16 желтоқсан 11:26
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар балконға Мемлекеттік туды іліп, тың челленджге үн қосып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Бір облыста автокөліктердің шеруі ұйымдастырылса, басқа өңірлерде отандастарымыз Туды балконға іліп, жаңа челлендж бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар! Қазақстан Тәуелсіздігі күні құтты болсын. Еліміздің ең қастерлі мейрамы қарсаңында Осло төріне көк байрағымызды іліп қойдым! Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін! Әлеуметтік желіні жылына бір күн осындай көк сары түске ендіріп, Көк туымызды желбіретейік! Құрметті, достар осы челенджге баршаңызды шақырамын!» - деп жазды танымал журналист Бибігүл Жексенбай.


Челлендж кешеден бері бірқатар өңірде қолдау тауып отыр. Соның ішінде Қостанай облысының халқы биік тұрғын үйлердің балкондарына Көк байрағымызды іліп, ұлық мерекеге құрметін білдіруде.

Павлодар облысының көшелеріндегі баннерлерде де Туымыз көптеп бейнеленген.

Мемлекеттік ту Өскемендегі Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің Ушанов алаңы бойындағы үйлердің балкондарына ілінген. Жалпы Өскемендегі Ботпай шыңында қаладағы ең үлкен Тудың ілінген атап өту керек.



Осылайша «Менің Туым, Менің Отаным» акциясына Қазақстанның барлық дерлік өңірі үн қосып жатыр.

Айта кетерлігі, Мемлекеттік туды пайдалану аясын кеңейтуді қазақстандықтардың өздері ұсынған еді. Бұл идеяны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарауды тапсырған еді. Ал осы айдың басында ҚР Премьер-Министрі Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат беретін Қаулыға қол қойған болатын.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT