Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қазақстанда тастанды балалар көбейіп тұр

2018 жылғы 12 ақпан 16:41 190
Бөлісіңіз:
 Қазақстанда тастанды балалар көбейіп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда 13 тастанды бала тіркелген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді Жамбыл облысының дамуына үлес қосқандар енді арнайы наградаға ұсынылады

«Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2017 жылы 13 бала құрылыстан, құдықтар мен қоқыс жәшіктерінен табылған. Олардың үшеуі қайтыс болған. Мұндай жағдай артып жатыр: 2016 жылы 7 бала табылған еді», - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырлы органы агенттіктің жазбаша сауалына.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ-нен алынған ақпаратқа сәйкес биыл екі айдың ішінде екі бала табылса, оның бірі көз жұмған.

«Жергілікті атқарушы органдар табылған балаларды қазақстандық отбасыларға орналастырды. Жергілікті атқарушы органдар тастанды балаларды анықтаған жағдайда, оларды отбасыларға орналастыру бойынша құқығы басым туыстарына беріледі», - деді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT