Қазақстандықтар ай сайын үздік спортшыны анықтап отыратын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жобаға сәйкес Қазақстанда ай сайын еліміздің үздік спортшысы анықталып, марапатталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайты жаңа жобаны қолға алды. Бұдан былай отандық спорт жанашырлары мен сайт оқырмандары айдың үздік спортшысына дауыс беріп, шын мықтыны анықтайды. Мамыр айындағы дауыс беру нәтижесі бойынша желаяқ Ольга Сафронова жеңімпаз деп танылды», - делінген ҚР ҰОК ақпаратында.

Бүгін ҚР ҰОК Спорттық дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов Ольга Сафроноваға арнайы жүлдені табыстады.

Еске сала кетейік, Сафронова мамырда өткен дауыс беру нәтижесі бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері, таеквондошы Қайрат Сарымсақовты артта қалдырып, оқырмандардың 48,45 пайыз дауысын жинады.

«Мен үшін үздік спортшылар арасынан озып шығу үлкен мәртебе. Ұлттық Олимпиадалық комитет пен сайт оқырмандарына және жанкүйерлерге көп рахмет. Бұл жеңіс мені одан әрі жігерлендіретіні сөзсіз. Алда талай жарыстар күтіп тұр. Сол бәсекелерде жеңіске жетуге тырысамын», - деді Сафронова.

Соңғы жаңалықтар