Қазақстандықтар атын, әкесінің атын, тегін интернет арқылы өзгерте алады

None
None
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеу және ат қою жұмысын ұйымдастыру бөлімі 2012 жылдың 1 желтоқсанынан өндірістік пайдалануға «Электрондық үкімет» порталында

«Некені тіркеу немесе некені бұзуға байланысты атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу туралы электрондық өтініш беру» қызметінің енгізілгенін хабарлап отыр.

Аталған департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қызметті алу үшін азаматтарда электрондық цифрлық қолтаңба болуы керек, оны Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады.

Электрондық өтініш беру үшін арызды толтырып, барлық мәліметтерді жүйеге енгізіп,электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен қол қою қажет. Баж төлемі «Электрондық үкіметтің» автоматтандырылған жүйесі арқылы төленеді.

Соңғы жаңалықтар