Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстандықтар Арыс қаласының тұрғындарына ақша аударуда

2019 жылғы 25 маусым 10:05 1528
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар Арыс қаласының тұрғындарына ақша аударуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, сондай-ақ спорттық федерациялар Арыс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмекке біркүндік еңбекақыларын аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметте: «Осындай жағдайда ешкім бей-жай қарай алмайды. Сондықтан Қазақстанның спортшылары қиын жағдайға тап болған отандастарына қолдау көрсетуді шешті. Біз үшін Қазақстан командасы тек жарыс кезінде ғана маңызды емес. Біздің барлық жанкүйерлеріміз - біздің команда», - делінген.

ҚР ҰОК қаражатты «Менің Атамекенім» қоғамдық ұйымы ашқан шотқа аудармақ.

Сондай-ақ гуманитарлық көмекке бір күндік жалақыларын Орталық коммуникациялар қызметінің қызметкерлері де аударатыны мәлім болды.

«Кеше болған оқиғаларға байланысты, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінің қызметкерлері бір күндік жалақысын Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады. Біздің ұжым қиын-қыстауда отандастарына қолдау көрсеткісі келеді. Арыстың барша тұрғындарына қолдау білдіреді», - деді ОҚК директорының міндетін атқарушы Махаббат Сәдуақасова.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

Зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталғанын хабарлаған болатынбыз. 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT