Қазақстандықтар арасында корей тіліндегі шығармаға байқау жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея Елшілігі Қазақстан азаматтары арасында корей тілінен шығарма және шешендік шеберліктен байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқау онлайн форматта өтеді. Оған Корей мәдени орталығының тіл курстарында оқитындар, сонымен қатар корей тілін үйреніп жүрген барлық қазақстандық қатыса алады. Бұл байқау қазақстандықтарды корей тілін үйренуге ынталандыру, тілді үйренуін одан ары жалғастыру мақсатында өткізіледі», - делінген орталық таратқан ақпаратта.

Сонымен «Шешендік шеберлік» байқауына ниет танытқан азаматтар сөз сөйлеу мәтін 2021 жылдың 17 мамыры мен 20 маусымы аралығында Корей мәдени орталығының электронды поштасына жіберуі қажет. Алдын ала іріктеу барысында келіп түскен барлық өтінімдердің ішінен мәтінін жақсы жазған 15-20 қатысушы іріктеледі. Олар корей тіліндегі шешендік шеберліктерін, дағдыларын 2 шілде күні өтетін финалдық іріктеу барысында Skype видеоконференциясы арқылы онлайн режимде дәлелдейтін болады.

Ал «Корей тілінде шығарма» байқауына қатысуға ниет танытқандар 2021 жылдың 17 мамыры мен 20 маусымы аралығында жазған шығармаларын жіберіп үлгеруі тиіс. Бұған қоса, шығарманың қазақ немесе орын тіліндегі аудармасы да қоса берілуі шарт. Келіп түскен өтінімдерді қарау нәтижесінде үздік жазылған 5 шығарма авторы марапатқа ие болады.

Жалпы, екі байқауда 3 жеңімпаз анықталады. Яғни, шешендік шеберліктен 1-2-орындар берілсе, шығарма жазуда бірінші орын ғана бар. Бұл жеңімпаздар Корей Республикасына қысқа мерзімді мәдени-танымдық сапарға барады. Алқалған қатысушыларға Корей мәдени орталығы атынан сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.


Соңғы жаңалықтар