Қазақстандықтар Алматы әуежайына гүл шоқтарын әкеліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алып, Алматы әуежайының кіре берісіне гүл шоқтарын қойып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматылықтар ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушыларды еске алып гүл шоқтарын әкеліп қойып жатыр. Олар бұл қаза барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғанын айтты»,- деп хабарлайды Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.


Соңғы жаңалықтар