+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандықтар алкоголь, газ және дәрі-дәрмектен жиі уланады - дәрігер

2019 жылғы 11 қараша 14:38
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар алкоголь, газ және дәрі-дәрмектен жиі уланады - дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Токсикологиялық қызметті жетілдіру» атты халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасы токсикология бөлімінің бастығы Гүлмира Тойбаеваның айтуынша, жазатайым оқиға кезінде көз жұмғандардың саны бүгінде азаймай отыр. Оның ішінде алкогольді ішімдіктен улану көш бастап тұр.

«Статистикаға сүйенсек, пациенттердің басым бөлігі алкоголь өнімдерінен уланған. Бірақ 90-шы жылдармен салыстырғанда, спирттік ішімдіктен уланғандар саны едәуір азайды «, - дейді дәрігер.

Екінші орында - дәрі-дәрмектен улану.

«Шынын айту керек, елімізде дәрі-дәрмектен улану фактісі жиі орын алады. Көбіне психотропты дәрілерден уланады. Парацетамол, аспирин, димедрол ішіп уланғандар бар. Соңғы екі жылда димедролдан улану азайды. Есесіне парацетомолдан улану көбейді. Бұл дәрінің гепатотоксикалық әсері бар», - деді ол.

Улы газдан улану - үшінші орында. Дәрігердің айтуынша, оның себептері әртүрлі, бірақ ең көп тарағаны - пеш қондарғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

Сонымен қатар, есірткі затынан уланғандар жиі кездеседі. Бұл өлімге әкеледі. Өткен жылы республикада өлімнің орташа деңгейі 3,5% құрады. Дүниежүзілік көрсеткіштермен салыстырғанда, әлемде өлім-жітімнің орташа деңгейі 4%-7% дейін.

«Өңірлерге келетін болсақ, улану фактісі БҚО, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жиі тіркеледі. Ал арнайы мамандандырылған бөлімдер ашылған аймақтарда – Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен ОҚО-да өлім-жітім деңгейі едәуір төмен», - деп түсіндірді ол.

Спикердің айтуынша, Алматыда өлім көрсеткіші 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін 0,4% төмендеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT