Қазақстандықтар алаяқтарға биыл 15 млрд теңгесін беріп қойған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы 10 айда қазақстандықтар интернет-алаяқтарға 15 млрд теңге ақшасын беріп қойған. Аталған деректі Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 10 айда қазақстандықтар 15 млрд теңгеге интернет-алаяқтарға алданып отыр. Аталған жайтқа қатысты өткен жылы Ішкі істер министрлігіне қарасты Алматы қаласындағы академия жанынан орталық аштық. Аталған орталықта интернет-алаяқтық қылмысымен күресетін мамандар даярланады. Өткен жылдан бастап осы бағыттағы жұмыс жүріп жатыр. Мамандарды даярлап жатырмыз», - деді Жандос Сүйінбай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ІІМ өкілінің айтуынша, еліміздің әр өңірінде интернет-алаяқтыққа қарсы бөлім жұмыс істейді. Дегенмен министрлік өкілі нақты өңірлер бойынша қанша маманның барын айта алмады.

Оның сөзінше, аталған бағыттағы жұмыс тұрақты жүріп жатыр.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өкілі түрмеде отырып қоңырау шалатын алаяқтардың барын растаған еді.


Соңғы жаңалықтар