+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді

2019 жылғы 15 қазан 09:46
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық рақымшылығы аясында қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр Алматы тұрғынының салыққа қарызы 1,8 млн теңгеге жеткен Шымкент тұрғынының салыққа қарызы 7,5 млн теңгеге жеткен

«2019 жылғы 10 қазанындағы жағдай бойынша 334 127 жеке тұлға 7,9 млрд теңге көлемінде салықтық берешегін өтеп, 1,64 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды. Еске сала кетсек, 3 – 10 қазан аралығында 21 275 жеке тұлғаның 74,8 млн теңге көлеміндегі өсімпұлы есептен шығарылған болатын.

Салық берешегін өтеген ең көп азаматтар – Алматы қаласының 65 042 тұрғыны қарызын төледі. Екінші орында Ақтөбе облысы 34 68 адам, үшінші орында – Қостанай облысы – 28 975 адам», делінген хабарламада.

Төленген салық сомалары бойынша алда Алматы қаласы. Шаһар тұрғындары қазіргі уақытта 4 млрд 440 млн теңге.

Айта кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Алматы бойынша салық қарызы 5,5 млрд теңгені құраған болатын.

Жиналған салық қарызы бойынша осы аптадағы рейтинг көшбасшысы Алматы қаласының тұрғыны. Ол көлік салығы бойынша 1 862 999 теңге көлеміндегі негізгі борыш сомасын төлеп, аталған сомадан 1,5 есе асып түсетін өсімпұлы есептен шығарылды (2 745 000 теңге).

Нұр-Сұлтан тұрғындары салық берешегі бойынша 483,9 млн теңгені өтеген. Қостанай облысында 459,8 млн теңге көлеміндегі салық берешегі өтелді.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында тексере алады.

Айта кетерлігі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) күшіне енуі туралы» 2019 жылғы 3 шілдеде жеке тұлғаларға салық бойынша рақымшылық жасауға мүмкіндік беретін өзгерту енгізілді. Бұл түзетулер 2019 жылдың 16 шілдесінде күшіне енді.

Жалпы, аталмыш рақымшылық науқанына 1,4 млн адам іліге алады. Олар 13,9 млрд теңге көлеміндегі салық берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда, 6,3 млрд теңге өсімпұлы есептен шығарылатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT