Қазақстандықтар 600 білім платформасын тегін пайдалана алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында желідегі 600 білім беру платформасын тегін пайдалануға болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру платформалары үшін серверлерді Қазақстанға әкеліп қана қоймай, оларды республикалық интернет желісіне жүктеме аз болатындай етіп орналастырдық. Яғни, біз серверлерді локализацияладық. Танымал отандық Bilimland платформасы бар. Онымен көптеген әкімдіктер келісім жасайды, сондықтан біз трафикті тек жақын деректер орталығына жеткізу үшін оның серверлерін 10 data-орталыққа орналастырдық. Бұрын барлығы Алматы арқылы өтетін және бұл трафикті ұйымдастыруда, ресурстың қолжетімді етуде қиындық тудыратын», - деді Бағдат Мусин «Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы онлайн конференцияда .

Министрлік осы білім беру платформаларына дұрыс бағыттау және баптау тұрғысынан көмектескен. Сонымен бірге, өткен оқу жылының төртінші тоқсанында 380 интернет-ресурс болған, операторлар оларды тегін пайдалануға берген.

«Бұл жолы БҒМ ұсынысымен балалардың дамуына әсер ететін 600 білім беру платформасы мен алаңына кіруді тегін еттік. Яғни, осы 600 сайттың кез келгенін ашсаңыз, SIM картаңыздағы кез келген тарифтік жоспарыңыз жұмсалмайды», - деп түсіндірді Б. Мусин.


Соңғы жаңалықтар