+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізген

2020 жылғы 26 наурыз 18:26
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолаушылар пойызында билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттер кассасына 3,6 млрд теңгенің билеттері тапсырылған. 12-26 наурызда қазақстандықтар 578 мың теміржол билеттерін өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ішінде қатынайтын жолаушы пойыздары толық тоқтады Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Birgemiz» қоғамдық қорының ресми сайты іске қосылды

Вокзалдарда пайдаланылмаған билеттерді өткізу туралы хабарландыру айтылуда. Теміржол қызметкерлері билет кассаларында бір-бірінен 2 метр қашықтық ұстау керектігін түсіндіріп жатыр.

Жолаушылар пойызында жолсеріктер жолаушылардың денсаулығын қадағалауда. Вагондарды жинау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және дезинфекция жасау ережелері сақталуда.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың 19 наурызында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында осы жылдың 22 наурызынан бастап карантин енгізілетіні жарияланғаннан кейін екі қалаға барлық бағыттағы жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды. Қазақстандықтардың билеттерді қайтарып жатқаны назарға алына отырып, келушілер вокзалға тек маскамен бір есіктен кіріп жатыр. Перронға шығатын жол толықтай жабылды.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы вокзалдарда барлық сауда нысандары жабық тұр. Жалға алушылармен келісім карантин кезінде тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚТЖ, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT