Қазақстандықтар 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қайтаруға міндетті емес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қайтаруға міндеттелмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz ресурсына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ТЖ режиміне байланысты табысын жоғалтқандарға төленген 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдерді қайтару қажет деген қауесет тарауда. Пайдаланушылар банктердің мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік көмекті қайтару» парақшасының экраннан түсірілген суретін жіберуде.

Мемлекеттен алынған қаражатты қайтаруға болады. Бірақ, міндетті емес.

«Төтенше жағдай режимі кезінде кейбір азаматтар 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған. Өйткені олар табысын жоғалтқан жоқ. Сондықтан екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында азаматтарға заңсыз алған қаражатты қайтаруға мүмкіндік беретін функционал қарастырылған. Төлемдер төлене басталғалы шамамен 180 000 адам оны қайтарды. Бұл ерікті түрде жасалады және МӘСҚ бәрінен төленген ақшаны қайтаруды талап етеді деген сөз емес», - деп түсіндірді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец.

Қателесіп алған әлеуметтік көмекті қайтару үшін Kaspi Bank мобильді қосымшасында тиісті функцияны іске қосылды. Бұл өте ыңғайлы. Ол сәуірден бастап жұмыс істеп келеді және Төтенше жағдай режимі кезінде 42 500 теңге алғандардың бәріне қолжетімді болды. Қазір оның қызметі тоқтатылды.

– Карантин кезінде әлеуметтік төлем алған, бірақ табысын жоғалтпаған азаматтар үшін ақша қаражатын қайтару функциясы Kaspi.kz мобильдік қосымшасында іске қосылған. Бұл төлемдерді қайтару – әрбір ҚР азаматының ерікті және дербес шешімі, – делінген StopFake.kz Kaspi Bank порталына жолдаған сауалына берілген ресми жауапта.

«Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз» деп жазады портал.


Соңғы жаңалықтар