Қазақстандықтар 36 мың шетелдік көлікті заңдастыруға рұқсат алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші аптасындағы статистканы атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші аптасы өтті. Бүгінгі таңда 36 мың қазақстандыққа олардың автомобильдерін заңдастыру мақұлданды. 16 мыңға жуық адам өз көліктерін тіркеуден өткізген», - деді Шұғыла Тұрлыбек

Сондай-ақ ол заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатынын еске салды.

«Өтінім беру тәсілдері: электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz; Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы; сондай-ақ ХҚКО-ларда қабылданады», - деді ІІМ өкілі.

Соңғы жаңалықтар