Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Қазақстандықтар 19 елге визасыз бара алады

2018 жылғы 29 шілде 10:51 714
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар 19 елге визасыз бара алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар 19 елге виза рәсімдемей-ақ бара алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпараттың жолдаған ресми сауалына жауап бере отырып, хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Ақпараттық тур: 2 күнде 180 келісімшарт жасалды Шетелге демалысқа аттанар алдында нені ескеру керек

«Қазақстан ұлттық жалпыазаматтық төлқұжат иелері үшін визалық талаптардан босату туралы 20 елмен екіжақты келісімдерге қол қойды», - делінген ведомствоның жауабында.

Атап айтқанда, оларға мына елдер кіреді:

1. Әзербайжан (30 тәулікке дейін);

2. Аргентина (30 тәулікке дейін);

3. Армения (90 тәулікке дейін);

4. Беларусь (90 тәулікке дейін);

5. Бразилия (30 тәулікке дейін);

6. Гонконг (14 тәулікке дейін);

7. Грузия (90 тәулікке дейін);

8. Корея (30 тәулікке дейін);

9. Куба (30 тәулікке дейін) - күшіне енген жоқ;

10. Қырғызстан (90 тәулікке дейін);

11. Молдова (90 тәулікке дейін);

12. Моңғолия (90 тәулікке дейін);

13. Ресей (90 тәулікке дейін);

14. Тәжікстан (30 тәулікке дейін);

15. Өзбекстан (30 тәулікке дейін);

16. Украина (90 тәулікке дейін);

17. Сербия (30 тәулікке дейін);

18. Түркия (30 тәулікке дейін);

19. Эквадор (30 тәулікке дейін);

20. БАӘ (30 тәулікке дейін).

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі өз құзыреті шегінде тұрақты негізде елдің инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының визалық режімін қауіпсіз түрде ырықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда 45 елдің азаматы Қазақстанда күнтізбелік 30 күн мерзіміне дейін визасыз жүруге құқылы. Бұл елдерге Аустралия, Аустрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Корея, Латвия, Литва, Люксембург, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Румыния, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эстония, Жапония кіреді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР СІМ, Туризм,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT