+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстандықтар 15 мыңға жуық мемлекеттік қызметті үйде отырып алды

2020 жылғы 30 маусым 14:50
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар 15 мыңға жуық мемлекеттік қызметті үйде отырып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, 70 жастан асқан қарттар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ол үшін олардың өзі немесе қамқоршылары 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыруы керек. Бұдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары оларға хабарласып, үйлеріне барып мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақытын белгілейді.

Биылғы 5 айда Азаматтарға арналған үкіметтің филиалдары тұрғындардың үйіне барып, 15 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, үй-үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету – корпорация құрылған сәттен бастап пайда болған қызмет және осы күнге дейін ол өзектілігін жоғалтқан емес. «Азаматтардың үйлеріне барып көрсетілетін ең танымал қызметтер – паспорттар мен жеке куәліктерді беру, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарын рәсімдеу», – деді Балташева.

Ол сондай-ақ Алматы қаласы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында мобильді топтардың жиі шақырылатынын айтты. Ең сирегі – Батыс Қазақстан облысында.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясын ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маскалармен және антисептиктермен жабдықталған. Қызмет алушылармен байланысты азайту үшін ХҚО мамандары дәлізден ары өтпей, әлеуметтік қашықтықты сақтайды.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп көңіл бөледі. Азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, ХҚО мамандары есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар 807 азамат мемлекеттік корпорация мен оның филиалдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT