Қазақстандықтар 15 қыркүйектен бастап қалаған емханаға өз еркімен тіркеле алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында ел тұрғындары өздері қалаған емханаға тіркеле алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап халықты медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарға тіркеу басталды. Ол екі айға созылады. Емханалардың денсаулық сақтау жүйесіне енудің алтын қақпасы екенін білесіздер. Сондықтан, алдағы екі айда азаматтарымыз тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше, емхананы тұрғылықты жерге жақын маңнан таңдауға кеңес береміз. Неге десеңіз, емханаға тіркелген науқастарды медицина мамандары үнемі қадағалап, тіпті үйіне барып көмек көрсетуге ыңғайлы болады. Әсіресе, бұл тәжірибе қазіргідей пандемия жағдайында аса маңызды. Тіркеу науқанынан кейін азаматтар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет алады және ол үшін Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға ақы төлейді. Биыл да бұл азаматтар тіркелген емханаларында қор есебінен емделе алады «, - деді Б. Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 106 661-ге жетті. Оның ішінде жазылып шығу көрсеткіші 94,1 пайызды құрады немесе 100 409 адамға жетті.

Соңғы бір тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ.

Қазақстанда коронавирустың жаңа толқынына дайындық қызу жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар