Қазақстандықтар 1 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағын баламалы мақсаттарға пайдаланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар 1 трлн теңгеден астам зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдаланды және басқарушы компанияларға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіше, 2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша уәкілетті операторлардың банкілерінде, сондай-ақ, инвестициялық басқарушыларда ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ-дан 1,031 трлн теңгеден астам қаржы түсті.
«1,02 трлн теңгені БЖЗҚ салымшылары мен алушылары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалануда. Бұл ретте БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан түскен салымшылардың (алушылардың) өтініштеріне сәйкес, алынған соманың шамамен 33,5% тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) алуға, шамамен 30% - ипотекалық қарызды өтеуге, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы (толықтай немесе ішінара) шеңберінде, 23 % астам сома жақын туыстарына беруге жоспарлануда»,- деп хабарлады қордағылар.
Салымшылардың арнайы шоттарына келіп түскен төлемдердің орташа сомасы 5 млн теңгеден асады. Өтініштердің басым бөлігі Маңғыстау облысы (18%), одан кейін Алматы (17,3%), және Нұр-Сұлтан (13,8%) қалаларының тұрғындарынан келіп түсті.
Емделу үшін ел тұрғындары 3,5 млрд теңгеден астам қаржыны алды. Орташа есеппен алғанда бір өтініш бойынша емделуге 1 млн теңге зейнетақы жинақтары аударылады. Өтініштердің басым бөлігі Алматы қаласы (20,9%), Нұр-Сұлтан қаласы (17,5%) және Атырау облысының (8,05%) тұрғындарына тиесілі.
Қазіргі уақытта берілген өтініштердің 690-ы орындалып, инвестициялық портфельді басқарушыларға аударылған қаржының жалпы сомасы шамамен 1,7 млрд теңгені құрады, бұл ретте аударымның орташа сомасы 2,4 млн теңге болды.
- Балалар әдебиетіне жанашырлардың басын қоссақ дейміз: Ербол Бейілханмен сұхбат
- QazCovid-in жасаған ғалым: Біз вакцинаның зиянсыз екеніне кепілдік бере аламыз
- 2016 жылғы Жер комиссиясының шешімдері әлі күнге толық орындалмаған
- Жер комиссиясы: АШМ жанынан ауылдық аумақтарды дамыту комитетін құру ұсынылды
-
Жер комиссиясы:1942 жылғы құпия координаттар жүйесінен бас тарту қажет
-
Халыққа жайылымдық жер беруде бюрократия өте көп – Ақылбек Күрішбаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам