Қазақстандықтар 1,2 мың қаруды өз еркімен полицияға тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел азаматтары 1,2 мың қаруды полицияға өз еріктерімен тапсырды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу республикалық акциясын жалғастырып жатыр. Қару-жарақты өз еркімен тапсырған азаматтарға әр қарудыңжай-күйіне байланысты 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сома төлеу көздделген. Акция өткізілген 2 айдың ішінде полицияға азаматтар 1 232 бірлік қару мен 9 мыңнан астам оқ-дәріні өз еріктерімен тапсырды», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, тапсырылған барлық қару-жарақ Ішкі істер министрліктің деректер базасы арқылы криминалдық сараптамадан өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар