Қазақстандықтан аса ірі көлемде героин тәркіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматынан 9 килограмға жуық героин мен тапанша табылып, тәркіленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы ҰҚҚ Шекара қызметінің Қордай шекаралық жасағының жедел тобы ҰҚКД Қордай аудандық бөлімі және Қордай аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірге ұйымдастырылған «Көкнар-2017» жедел-алдын алу шаралары барысында Жамбыл облысы, Қордай ауданының Қайнар ауылындағы үйлердің бірінде ақпараттарды тексеру барысында Қазақстан Республикасының 1958 жылғы азаматынан «героин» есірткі заты салынған, жалпы салмағы 9 килограмға жуық 9 полиэтиленді брикет табылып, тәркіленді. Брикеттердің барлығына «999» деген мөр басылған», - делінеді ҚР ҰҚҚ ШҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Есірткімен қоса «Вальтер» маркалы травматикалық тапанша да алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар