Қазақстандық жүзгіш параспортшы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда жүзуден 50 елден үздік 550 параспортшы қатысқан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.Жарыстың бірінші күнінде атыраулық жүзгіш Ержан Сәлімгереев қарсыласын оза шауып, баттерфляй стилінде жүз метр қашықтықта жүзіп өтіп, 1:21:61 нәтижесімен жеңімпаз атанды. 

Алдыңғы жылы параолимпада чемпионы Ержан Сәлімгереев ұлттық құрама команда құрамында Германияда өткен ашық кубок жарыстарына қатысқан болатын. Ержан 50 және 100 метр қашықтыққа жүзуден, екі мәрте қола медальді иеленді.

Қазақстандық тағы да бір спортшы Дмитрий Ли еркін стильде 200 метр жүзіп өтіп, күміс медальді қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Ержан мен Дмитрий мамыр айында өткен Қазақстан чемпионатында бір қашықтықта жеңіске жетті. Нәтижесінде екеуі де Берлинде өтіп жатқан Әлем чемпионатына жолдама алған.

Соңғы жаңалықтар