Қазақстандық жүзгіш Азия чемпионатында «алтын» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 сәуір күні Кувейтте ашық суда жүзуден Азия чемпионаты басталды. Жарыстардың алғашқы күні Қазақстан қоржынына бір алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық Виталий Худяков бес километрге жүзуден алдына жан салмады. Екінші орынды жапон спортшысы алып, үздіктер үштігін Қытай өкілі түгендеді. Тағы бір қазақстандық Лев Черепанов төртінші болды.

Айта кетейік, ертең 10 километрге жүзу жарыстары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар